
 
|  Главная 
Новости 
25.11.2022 «Жаңа технологиялар - жаңа мүмкіндіктер» семинар-тренингі 
 2022 жылдың 24 қарашасында Жаратылыстану және география институты «Биология» мамандығының 2 курс магистранттары «Жаңа технологиялар - жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды. Магистранттар педагогикалық іс-тәжірибе барысында қолданған білім беру платформаларының мүмкіндіктері мен тиімділігіне тоқталды және дидактикалық ойындар ұйымдастырды. 
 Семинар-тренингке биология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, биология мамандығының магистранттары мен студенттері қатысты. Семинар-тренинг соңында қатысушылар өз сұрақтарына жауап алып, өз ойларымен бөлісті. 
 
 |