«Тәуелсіздік-тарихтың ұлы шыңы» оқу-әдістемелік семинары
 
2022 жылдың 29 қарашасы күні Тарих және құқық институты «Тарих және тарих-дінтану» мамандығының  4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен Алматы қылысындағы №172 гимназияда «Тәуелсіздік-тарихтың ұлы шыңы» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өтті.
Семинар барысында оқу-әдістемелік ресурс көздерімен таныстыру, ашық сабақ, ашық тәрбие сабағы және интеллектуалды жарыс сабақ көрсетілді. Студенттер өздерінің практикада алған білімдерін жан-жақты көрсете білді. Семинар жұмысын көруге Мансап орталығының меңгерушісі Сауле Қалиева және бөлім маманы Ақбота Мақұлбек, Әлем тарихы кафедрасының профессор-оқытушылары Камшат Рүстем, Айтгүл Мақаева, Ханзада Сутеева, Айнұр Шорманова, Арай Кенжебекова, Руслан Сейтказиев қатысып, студенттердің жұмыстарын талдап, кеңестерін берді.
 
  
  
 
  
   
 
 