
 
|  Главная 
Новости 
15.12.2023 Биология пәні мұғалімімен педагогикалық тәжірибе алмасу 
 2023 жылдың 14 желтоқсанында Ы. Алтынсарин атындағы № 159 гимназиясы биология пәнінің мұғалімі Амзеев Рауан Жаратылыстану және география институтының «Биология» білім беру бағдарламасының студенттері мен профессор-оқытушылар құрамына «Биология сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында педагогикалық тәжірибие алмасу мақсатында семинар-тренинг ұйымдастырды. 
 Амзеев Рауан семинар - тренинг барысында қолданған білім беру әдістерінің мүмкіндіктері мен тиімділігіне тоқталды және дидактикалық ойындар, сыни тұрғысынан ойлау және т.б. функционалдық сауаттылықты арттыруға байланысты бірнеше әдістерімен бөлісті. 
 Семинар-тренинг соңында қатысушылар сұрақтарына жауап алып, өз ойларымен бөлісті. 
 
 |