
  
Главная 
Новости
14.03.2024 Оқу басылымдарын РОӘК ОӘБ грифіне ұсыну 
 2024 жылғы 14 наурызда Абай атындағы ҚазҰПУ базасындағы «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы Оқу-әдістемелік бірлестігінің кезектен тыс отырысы өтті. Отырыста кадрлар даярлаудың жетекшілік ететін бес бағыты бойынша РОӘК ОӘБ грифіне оқу басылымдарын ұсыну туралы мәселе талқыланды. 
 Іс-шараға жоғары оқу орындарының проректорлары - ОӘБ-ЖБТ мүшелері, ғалымдар мен оқытушылар қатысты. 
 Отырыста РОӘК ОӘБ Ғалым хатшысы Ұлмекен Нұрғалиева модератор ретінде сөз сөйледі, оқу басылымдарының сараптамалық қорытындыларының нәтижелерін жобалық командалардың басшылары: «Педагогика және Психология» бағыты бойынша Әйгерім Көшербаева, гуманитарлық пәндер бойынша Шолпан Нұрман, жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді (педагогтарды) даярлау бағытында Альбина Бейкитова және Назым Текесбаева ұсынды. 
 РОӘК ОӘБ-ға материалдарды ұсыну тәртібіне қатысты мәселелер талқыланды. 
 
 
  |