
 
|  Главная 
Новости 
18.04.2024 Абай университетінің магистранты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда сәтті баяндама жасады 2024 жылдың 16 сәуірінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» IV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. 
 Конференция аясында университетіміздің Филология институты «Аударма ісі» мамандығының 1-2 курс магистранттары Абдукаримова Айсұлу, Семенов Павел, Асанова Меруерт және Ару Карелова «Қазақ филологиясы және әлем тілдері» секциясында аударманың түрлі аспектілері бойынша баяндамалар жасады. 
 Конференция қорытындысы бойынша 1 курс магистранты Карелова Ару (ғылыми жетекшісі - филология ғылымдарының докторы, профессор Жұмабекова А.Қ.) 3 орынды иеленіп, дипломмен марапатталды. Осы жетістікпен құттықтаймыз! 
 |