
  
Главная 
Новости
06.12.2017 «Магистрант Today» іс-шарасы өтті 
 2017 жылдың 5 қаңтарында университетіміздің 90 жылдығына арналған «Магистрант Today» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара педагогика және психология кафедрасының жыл сайынғы дәстүрі бойынша барлық магистранттардың катысуымен өтті. Аталмыш іс-шараның басты мақсаты магситранттарды университет дәстүріне баулуы болды. 
 Бұл іс-шара педагогика ғылымдарының докторы профессор Наталья Ханның басқаруымен дайындалып, іс-шараны ұйымдастыруға түрлі мамандықтарда оқитын көшбасшы магистранттар атсалысты. Қойылым режиссері «Орыс тілінде оқытпайтын мектептегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс магистранты Гүлжан Жұмағали болды. «Магистрант Today» жұмысына 120 магистрант ат салысып, ауқымды көрсетілім түріндегі қорытынды іс-шаралар дайындалды. Әрбір магистрант өзіне жүктелген міндетке жауапкершілікпен қарап, қысқа метражды фильмдер мен тарихи бейне-көрсетілімдер дайындады. Іс-шараға дайындық барысында қатысушылар ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін таныта отырып , осы семестрде алған білімдерін жетік қолдана білді. Нәтижесінде «Магистрант Today» мерекесі биік деңгейде өткізілді. 
 
 
 
 
 Мөлдір Нұржаубаева 
 
  |