![]()
28.10.2024 Абай университетінің профессорына «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді
2024 жылдың 24 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география факультеті химия кафедрасының профессоры, академик Несіпхан Бектеновке Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 16 қазандағы жарлығымен білім және ғылым саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді (кәулік № 5176). Марапат Республика күні қарсаңында табысталды.
Несіпбек Бектеновты лайықты марапатымен құттықтаймыз!
|