қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
24.01.2018

Нақты мүмкіндіктердің кемел жолы

 


 

- Елбасының биылғы жылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын мемлекетіміздің әрбір азаматы үшін үлкен жауапкершілік пен оны іске асыру міндеті тұр. Отбасындағы бала тәрбиелеп отырған ата-анадан бастап, мектепке дейінгі білім беру, бастауыш, орта білім беру, жоғары оқу орнын мемлекетіміздің келешегіне жұмылдырудың нақты жолдары мен жоспарлары айқындалып көрсетілген.


Жолдаудағы нақты айтылған 10 басым бағыттың жетіншісі - білім беру саласы бойынша оны ақпараттандыру мен оларды шетелдік жетекші университеттермен, ғылыми орталықтармен, ірі кәсіпорындармен және трансұлттық корпорациялармен бірлесе отырып жүзеге асыратын жобалары жөнінде айтылды. Сол себепті, білім беру ісіне нақты әрі егжей-тегжейлі көңіл бөлмейінше, келешекте саяси-экономикалық, инновациялық бағытта дамуды мақсат қылып қою бекер деп ойлаймыз.


«Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады. Еліміздің универси­теттеріндегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту қажет» деп көрсетілгендей, қазіргі таңда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде біраз ілкімді шаруа қолға алынуда. Елімізде қабылданған «Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасы негізінде қазіргі кезде жоғары оқу орындары арасында алғашқылардың бірі болып университетті цифрландыру мен инновациялық технологияларды ендіру жолға қойылды. Бұл бастама тек оқу процесі ғана емес, университеттің барлық бөлімі мен құрылымының жұмысын, шетелмен байланыс салаларын 90 пайызға жеңілдетіп отыр. Сондай-ақ «Оқытушылардың қайта даярлықтан өтуіне күш салып, жоғары оқу орындарына шетелдік менеджерлерді тарту» деген тармақтары ең алдымен ұстаз біліктілігін жетілдіруге ынталандыруға, өзін-өзі жетілдіруіне және де оқытудың үздік әдістерін кәсіби тұрғыда меңгеруге ықпал етеді. Осы тұрғыда университет ұстаздарының алдында шет тілінде еркін дәріс беру, шетелдік университеттерден тағылымдамадан өту, ара-қашықтықта шетел студенттеріне дәріс өткізе білу сияқты бәсекеге төтеп беретін жаңаша талаптар қойылуда.


Осы орайда мемлекетіміз жастар мен болашақ мамандардың сапалы білім мен саналы ойын қалыптастыруды, сондай-ақ олардың заманауи жаңа мамандықтарға қол жеткізуіне мемлекетіміз барлық мүмкіншіліктерді жасап отырғандығын ерекше атап өтуіміз керек. Бұл - білім мен ғылым саласы мамандарына беріліп отырған нақты мүмкіндіктердің кемел жолы.

 

Авторы: Нұрдәулет Исабек,
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетініңӨнер, мәдениет және спорт институты директоры

24.01.2018 ж.

Ақпарат көзі: aikyn.kz, PDF