«Заманауи нарық заманындағы сұранысқа сәйкес білім беру бағдарламасын әзірлеу мен өзектендіру»
2024 жылдың 29 қарашасында Жалпы дамудың пәндік мамандануы бар мұғалімдерді/педагогтерді даярлау бағыты бойынша жобаларды басқару тобы (құқық және экономика негіздері) және Оқу-әдістемелік бірлестіктің ұйымдастыруымен кадрларды даярлау бағыты бойынша ОӘБ РОӘК-нің «Заманауи нарық заманындағы сұранысқа сәйкес білім беру бағдарламасын әзірлеу мен өзектендіру» тақырыбында кезекті мәжілісі өтті.
Мәжіліске Абай атындағы ҚазҰПУ Академиялық қызмет жөніндегі проректоры Б.М.Нарбекова, Абай атындағы ҚазҰПУ құқықтану кафедрасының меңгерушісі, жоба командасының жетекшісі Ж.Ю.Сайлибаева, №178 гимназияның Тарих пәнінің мұғалімі, оқу ісінің орынбасары Г.А.Даулетбаева, және Абай атындағы ҚазҰПУ-нің профессор оқытушылары қатысып, өзекті мәселелер талқыланды.
Кеңейтілген мәжілісте Құқық және экономика негіздері бойынша білім беру бағдарламаларын жаңарту үлгілері, қазіргі мектеп жағдайындағы жоғарғы сыныптарда құқықты оқытудың мәселелері, сонымен қатар, құқық негіздері пәнін оқытуда тәжірибеге бағытталған оқыту әдістерін пайдалану мәселелері мен т.б. тақырыптар талқыланды.