![]()
02.02.2025 Абай университетінің студенті «Үздік ғылыми жұмыс – 2024» иегері атанды
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультеті, бастауыш білім беру кафедрасы «7M01301- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2 курс магистранты Рабиға Сүлейменова ғылыми-педагогикалық мекемелер арасында өткен «Үздік ғылыми жұмыс - 2024» халықаралық зерттеу конкурсында жеңіске жетіп, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Айта кетейік, Рабиға Сүлейменованың ғылыми жетекшісі Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор А.С.Стамбекова. Сондай-ақ, Рабиға Сүлейменованың «Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының пәндік құзыреттілігін логикалық тапсырмалар арқылы қызығушылығын ояту» мақаласы «Endless Light in Science» халықаралық ғылыми-тҽжірибелік журналына жарияланды.
|