![]()
06.02.2025 Абай университетінің студенті Әлем кубогында күміс жүлдегер атанды
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 курс студенті Қанат Мырзабеков 30 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Өзбекстан елінің Ташкент қаласында өткен қол күресінен World Para-Armwrestling Gup Әлем кубогында жүлделі ІІ орын иегері атанды.
15-ке жуық мемлекеттің спортшылары қатысып, бақ сынасқан байрақты бәсекедеге Қанат Мырзабеков 85 кг салмақта өнер көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды.
Спортшымызды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
|