![]()
06.02.2025 «Қай контент көп қаралым жинайды?» шеберлік сағаты өтті
2025 жылдың 5 ақпанында Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен «Қай контент көп қаралым жинайды?» тақырыбында блогер Елдос Сансызбаевпен шеберлік сағаты өтті.
Шеберлік сағатының мақсаты - аудиторияның назарын аудару және көп қаралым жинау жолдарын көрсету, әлеуметтік медиа маркетингтің болашағы туралы ақпарат беріп, әлеуметтік желілерде дұрыс жұмыс істеудің әдістерін үйрету болды.
Кездесу барысында Елдос Сансызбаев контенттің түрлері, оның құрылымы, визуалды элементтер, тақырып таңдау, аудиториямен байланыс орнату және әлеуметтік желілерде тарату стратегияларына тоқталып, контент жасау барысында қолданылатын заманауи құралдар мен платформалар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар спикер тек ғана «тренд» түсірмей, сол контенттің мәні мен мақсатын түсініп, өзінің жеке стилін қалыптастыру шақырды. Блогердің айтуынша, дұрыс таңдалған тақырып, қызықты формат және сапалы ақпарат контенттің көп қаралым жинауына ықпал етеді.
Шеберлік сағатының нәтижесінде студенттер контентті тиімді жасау мен тарату бойынша практикалық дағдыларға ие болып, өз жобаларында қолдана алатын жаңа идеялар мен тәсілдермен танысты. Ал өз кезегінде қатысушылар қызықтыратын сұрақтарын қойып, аталған тақырыпқа қатысты пікірлерін білдірді.
|