
  
Главная 
Новости
14.03.2025 Өркениеттер қақтығысы: әлемдік саясаттағы өркениеттік фактордың рөлі 
 
 
 2025 жылы 13 наурызда Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультетінің саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасында «Руханият бастауы» клубының ұйымдастыруымен студенттер арасында пікірталас өтті. 
 Іс-шараның негізгі тақырыбы Сэмюэл Хантингтонның «Өркениеттер қақтығысы» еңбегіне негізделді. Талқылау барысында әлемдік саясаттағы өркениеттік фактордың рөлі жан-жақты қарастырылды. Студенттер әртүрлі пікірлерімен ой бөлісіп, мәдениет пен діннің мемлекетаралық қатынастарға ықпалын талдады. Іс-шараның арнайы қонақтары ретінде ф.ғ.д., профессор Дауренбек Құсайынов және кафедра оқытушысы Даурен Аманкелді қатысты. 
 Өзекті тақырыптағы пікірталасты ұйымдастырған - кафедраның аға оқытушысы, PhD доктор Нұрлан Орынбеков. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, студенттердің сыни ойлау дағдыларын дамытуға және әлемдік саясатты тереңірек түсінуге ықпал етті. 
 
  |