қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
02.04.2025

«Аударма сапасын бағалау» атты шеберлік сағаты өтті

 

                

 

2025 жылдың 29-наурызы Мелекеттік тілді дамыту институтында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Филология факультеті шығыс филологиясы және аударма кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Айгүл Жұмабекова АР19680449 «Аударма сапасын бағалау: ғылыми және оқу салалары» ғылыми жобасының күнтізбелік жоспарына сәйкес шеберлік сағатын өткізді.

 

Шеберлік сағаты барысында қазақ, ағылшын және орыс тілдері негізінде ғылыми және оқу мәтіндерін аудару сапасын бағалау алгоритмі ұсынылды. Ғылыми және оқу саласына байланысты аудармалар жайлы қатысушылардың сұрақтарына бірге жауап іздеп, өзекті мәселелер сөз етілді. Шеберлік сағатына қатысушылардың жеке ұсыныстары ортаға тасталып, талданды.

 

Бұл шерберлік сағатына Мемлекеттік тілді дамыту институтының базасында ғылыми тағылымдамадан өтіп жатқан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультеті түркітану және тіл теориясы кафедрасының «7M02307 ¬Лингвистика» және «7M01704 - шетел тілі: екі шетел тілі» мамандықтарында оқитын 2 курс магистранттары мен институт қызметкерлері қатысты.

 

 

02.04.2025

Ақпарат көзі: mtdi.kz