қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
07.04.2025

Абай университеті мен «Қарасай батыр атындағы орта мектебі» КММ ынтымақтастық орнатты


2025 жылдың 7 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Қарасай ауданы білім бөлімінің «Қарасай батыр атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

 

Педагогикалық білім беруді дамыту мен мектептерде білім беру сапасын арттыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланған іс-шараға Абай университетінің академиялық қызметі жөніндегі проректоры Бану Нарбекова, Қарасай батыр атындағы орта мектептің директоры Адиля Коржумбаева және кәсіби бағдар беру және мансапты дамыту департаментінің директоры Алмас Найманбаев қатысты.

 

Меморандумның мақсаты - білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту, білікті кадрларды даярлау, ғылыми зерттеу жұмыстарын дамыту және мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу, бірлескен жобаларды жүзеге асыру бағытында жұмыс істеу болды.

 

Ынтымақтастық екі тарапқа да үлкен мүмкіндіктер ашып, заманауи білім беру талаптарына сай кәсіби мамандарды даярлауға ықпал етпек.

 

  alt=  

 

  alt=