қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
09.04.2025

Қаржылық қауіпсіздік бойынша ұлттық олимпиада өтті


2025 жылғы 9 сәуірде Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Қаржылық қауіпсіздік бойынша ұлттық олимпиада» шарасы өтті.


Аталған шараның мақсаты - студенттер арасында қаржылық сауаттылықты арттыру және қаржылық қылмыстарға қарсы күресті күшейту.


Іс-шараға Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп, университет басшылығы, факультет декандары, профессорлық-оқытушылар құрамы мен қаржылық қауіпсіздік және құқық қорғау саласының сарапшылары, 800-ден астам белсенді студент жастар қатысты.


Іс-шара дәріс оқу, сауалнамалар жүргізу, практикалық тапсырмалар мен жағдайлық тапсырмалар кезеңдерінен тұрды. Онда қатысушылар қаржылық заңнаманы, төлем жүйелерінің қауіпсіздігін, сондай-ақ қаржылық қылмыстарды анықтау және алдын алу дағдыларын көрсетті.


Ең үздік командалар мен жеке қатысушылар бағалы сыйлықтар мен сертификаттарға ие болып, сондай-ақ Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде тағылымдамадан өтуге шақырту алды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=