қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
10.04.2025

Ғылыми-педагогикалық ізденіс: әлемдік тәжірибе негізінде педагогикалық зерттеулердің жаңа үрдістері


2025 жылдың 9 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Әлемдік және отандық тәжірибедегі кілт сөздерді зерделеу негізінде педагогикалық зерттеулердің трендтері мен үрдістерін анықтау» тақырыбында дәріс өтті.


Дәрісті Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің Педагогикалық зерттеулер ғылыми орталығының басшысы, қауымдастырылған профессор Оралтай Жолымбаев жүргізді.


Ғылыми дәріс интерактивті форматта өтті. Дәрісте қазіргі заманғы педагогикалық зерттеулердің негізгі бағыттары, әлемдік және отандық тәжірибедегі инновациялық әдістер, сондай-ақ білім беру саласындағы кілт сөздерді талдау арқылы болашақтағы зерттеулердің үрдістері қарастырылды.


Дәріс барысында университеттің профессор-оқытушылары, докторанттар, магистранттар және студенттер белсенді қатысып, жаңа білім алуға мүмкіндік алды. Осы іс-шара педагогикалық ғылымның дамуына үлес қосып, білім беру саласындағы зерттеулерді тереңдетуге ықпал етті. Сонымен қатар, қонақ дәрістің модераторы академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры, жер ғылымдарының докторы, профессоры Хайрулла Жанбеков педагогикалық зерттеулердің нәтижелерін жоғары білім беру стандарттарына интеграциялау жолдарын ұсынды және ғылыми зерттеулердің практикалық қолданысын арттырудың негізгі бағытын атап өтті.


Қорытындылай келе, бұл дәріс тек теориялық мәселелерді қарастырумен шектелмей, сонымен қатар практикалық шешімдерді талқылауға мүмкіндік берді. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми қауымдастығы үшін бұл іс-шара жаңа ынталандыру көзі болды және болашақта осындай зерттеулерді бірлесіп жасау туралы пікір алмасты.

 

  alt=  

 

  alt=