қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
16.04.2025

Агробиостанция жұмысының негізгі бағыттарын талқылауға арналған кездесу


2025 жылғы 15 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Heung Co Ltd компаниясының бас атқарушы директоры Даэро Ча және БҰҰ Бас хатшысының климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі кеңесшісі Рае Квон Чунгпен ресми кездесу өтті. Кездесу университеттің агробиостанция секторы жұмысының негізгі бағыттарын талқылауға арналды.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ тарапынан кездесуге Басқарма төрағасы - ректор Болат Тілеп, стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректор Айгүл Искакова, қаржы және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректор Камила Аменова, жаратылыстану және география факультетінің деканы Күләш Каймулдинова қатысты.

 

Кездесудің мақсаты - «DLT GROUP» ЖШС жүргізген топырақ-мелиорациялық және агрохимиялық зерттеу нәтижелерін ұсыну, сондай-ақ Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Жанашар ауылдық округі аумағында орналасқан 40,6 гектар жер көлеміндегі агробиостанция секторын игеру мен тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеу болды.

 

Кездесу барысында топырақ картасын, тұздану картограммасын және негізгі қоректік элементтер бойынша агрохимиялық карталарды әзірлеуді қоса алғанда, зерттеу нәтижелері талқыланды. Сонымен қатар, шетелдік серіктестердің қатысуымен тұрақты агротехнологияларды енгізу және халықаралық ынтымақтастық перспективаларына ерекше назар аударылды.

 

Кездесу қорытындысы бойынша аграрлық ғылым мен білім беру салаларында одан әрі ынтымақтастық орнату және агробиостанция аумағындағы зерттелген жерлерді тиімді пайдалану мен дамыту бойынша бірлескен жобалар әзірлеу жөнінде келісімге қол жеткізілді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=