қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
18.04.2025

Қалалық «Тоғызқұмалақ» турнирі өтті


2025 жылдың 18 сәуірінде «Алтын сақа» және «Жастар серпіні» студенттік апталық аясында қалалық «Тоғызқұмалақ» турнирі өтті.

 

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай өткізіліп отырған бұл қалалық «Тоғызқұмалақ»  сайысы - ұлы ойшылдың мұрасына деген құрметтің бір көрінісі. Абай рухына тағзым ретінде ұйымдастырылып отырған турнир барысында «Abai» клубының арнайы кабинеті де ресми түрде ашылды. Бұл - ұлттық ойынды тек хобби ретінде емес, жүйелі түрде меңгеріп, жарыстарға дайындалуға, тәжірибе алмасуға арналған заманауи, ыңғайлы, интеллектуал орта болмақ. Клуб жастардың жан-жақты дамуына серпін беріп, зияткерлік әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосуға дайын. 

 

Турнир нәтижесінде ұлдар арасында:

І орын - Елдар Дакен, ҚазҰПУ;

ІІ орын - ЖантөреАманқос, МУИТ;

ІІІ орын - ЕрдәулетДжанабилов, ҚазҰПУ;

ІІІ орын- Ерасыл Пернебаев, ҚазҰПУ.

 

Қыздар арасында:

І орын - Аяна Исахан, ҚазҰПУ;

ІІ орын- Ақерке Тұрсынәлі, ҚазҰПУ;

ІІІ орын - Зухра Сайдулла, ҚазҰУ;

ІІІ орын - Мадина Алибек, SDU University жүлделі орындарға ие болды.

 

Осы игі бастаманы ресми түрде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Мақсат Жақау, Дүниежүзілік және ҚР Тоғызқұмалақ спорты Федерациясының Президенті, Алматы қаласы Жастар саясат басқарма орынбасары Алмас Абайұлы ашып берді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=