қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
18.04.2025

«Бүгін менің туған күнім!» қайырымдылық бенефисі

 

2025 жылғы 17 сәуірде «Облыстық өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында» Абай атындағы ҚазҰПУ 6В01801-«Әлеуметтік педагогика» мамандығы 1 курс студенттерінің оқу практикасы барысында қауымдастырылған профессор Гулбахира Ширинбаеваның жетекшілігімен «Мейірім» клубының аниматорлық бағыты бойынша ерікті-студенттер анимациялық бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Бүгін менің туған күнім!» қайырымдылық бенефисін өткізді.

 

Бенефистің мақсаты - анимациялық бағдарламасын жүзеге асыру арқылы, өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың әлеуметтік бейімделу деңгейін арттыру үшін жағдай жасау. Анимациялық бағдарламаның практикалық міндеті - сыныптан тыс жұмыстарды жалпыадамзаттық құндылықтармен байытуға ықпал ететін баланы әлеуметтендіруге бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметті жүзеге асыру және оларды «Облыстық өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының» тәрбие жұмысының мазмұнына енгізу.

 

Туған күн иелерінің құрметіне ұйымдастырылған әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет, балаларды қызықты ашық ойындарға белсенді түрде енгізді, балаларға да, ерікті-студенттерге де күшті қуат берді және іс-шараның әрбір қатысушысын оңтайлы ашу және оларда байланыс орнатуды жолға қоюға ықпал етті. Бенефис барысында құрылған әлеуметтік кеңістікте балалар мен еріктілер музыкалық сүйемелдеумен туған күн иесіне арналған тортпен шын жүректен тілектерін арнады. Көптеген жағымды эмоциялар алған балалардан біздің командаға үлкен алғыс сөздер мен тілектер айтылды. Мерекелік бенефистен осындай сыйлық алу түрі мағыналы және ол туралы естелік әр баланың жүрегінде мәңгі қалады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

«Мейірім» еріктілер клубы