қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
30.04.2025

«Білім берудегі жасанды интеллект: заманауи әдістер мен технологиялар» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстарының бірінші кезеңі аяқталды


Ферғана мемлекеттік университетінің (Өзбекстан) профессор-оқытушылар құрамы үшін ұйымдастырылған «Білім берудегі жасанды интеллект: заманауи әдістер мен технологиялар» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстарының бірінші кезеңі аяқталды.

 

2025 жылдың 14 мен 25 сәуірі аралығында әріптестеріміз білім берудегі жасанды интеллект, ғылыми зерттеулерде жасанды интеллект пен нейрожелілерді қолдану, сондай-ақ оқу үдерісінде пайдалану үшін жасанды интеллект құралдарын әзірлеу және қолдану бойынша практикалық сабақтардан өтті.

 

Абай университетінің академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбековамен өткен кездесуде жоғары білім сапасын арттыру, білім беру үдерісінде және ғылыми қызметте жасанды интеллектті тиімді пайдалану мәселелері кеңінен талқыланды.

 

Ынтымақтастық жалғасын табатын болады.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=