![]()
14.05.2025 Тоғызқұмалақтан Абай университеті құрамасы – ХІІІ жазғы Универсиада чемпионы! 2025 жылғы мамырдың 10-14 аралығында Түркістан қаласында тоғызқұмалақтан ХІІІ жазғы Универсиада жарыстары өтті. Жарысқа еліміздің 65 жоғары оқу орнынан командалар қатысты.
Аталған сайыста Абай атындағы ҚазҰПУ командасы университеттер арасынан топ жарып, 1 орынды иеленді. Команда құрамы - Ақерке Тұрсынәлі, Аяна Исахан, Нұрай Ғаниқызы, Аружан Куатова, Забира Сәрсенбаева.
Жаттықтырушы - аға оқытушы Мира Иралина.
Жеңімпаздарды ҚР Ғылым және білім министрі Саясат Нұрбек құттықтады. Чемпиондарымызды кезекті жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
|