«Педагог - мультимәдениетті әлемде» II халықаралық комикс байқауының жеңімпаздары анықталды
2025 жылдың 15 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультетінің Бастауыш білім беру кафедрасы мен «Teachers Lab» ЖШС-нің ұйымдастыруымен өткен «Педагог - мультимәдениетті әлемде» атты II Халықаралық комикс байқауының қорытындысы шығарылды. Байқау 17 ақпан мен 17 сәуір аралығында өтті. Оның мақсаты - педагогика тақырыбын мультимәдени ортада қызықты әрі түсінікті түрде жеткізе алатын дарынды комикс авторларын анықтау болды.
Байқауға Қазақстанның Алматы, Астана, Ақтөбе, Семей, Атырау, Қаскелең қалаларынан 45 студент қатысты. Сонымен қатар Ресей мен Өзбекстан студенттерінің де жұмыстары қабылданды.
Қатысушылар мына оң номинация бойынша сынға түсті: «Ең үздік білім беру комиксі», «Ең креативті оқу материалы», «Сыныптағы қаһарман», «Бастауыш мектеп пәндері бойынша ең үздік комикс», «Ең үздік дизайнды комикс», «Әлеуметтік дағдыларды дамытуға арналған ең үздік комикс», «Шабыттандыратын оқиға», «Жаңашыл комикс», «Жасанды интеллект көмегімен жасалған ең үздік комикс», «Жасанды интеллект және педагогика».
Комикс байқауының ұйымдастыру комитетіне келесі тұлғалар енді:
- Жұмабаева Азия - педагогика ғылмдар докторы, профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Бастауыш білім беру кафедрасының меңгерушісі;
- Зейнолла Сауле - PhD докторы, «Teachers Lab» ЖШС;
- Тұралбаева Алмаш - PhD докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Бастауыш білім беру кафедрасының қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы;
- Байджанов Бекзод - PhD докторы, доцент, Ферғана мемлекеттік университетінің Педагогика, психология және өнертану факультетінің деканы;
- Мальков Александр - Кубань мемлекеттік университетінің Жалпы және әлеуметтік педагогика кафедрасының аға оқытушысы;
- Байназаров Тимур - Әжинияз атындағы Нукус мемлекеттік педагогикалық институтының Бастауыш білім беру кафедрасының оқытушысы.
Байқаудың қазылар алқасына педагогика және психология саласының сарапшылары кірді. Қазылар алқасының құрамында тәжірибелі 7 педагог болды:
- Кариев Адлет - педагогика ғылымдар кандидаты, постдокторант, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Бастауыш білім беру кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
- Халитова Ильдана - «Teachers Lab» ЖШС, модератор-әдіскер;
- Бекбаева Мәриям - педагогика ғылымдар магистірі, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы;
- Ус Оксана - педагогика ғылымдар кандидаты, доцент, Кубань мемлекеттік университетінің Жалпы және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі;
- Қонырова Ақбота - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тренері;
- Қаллибекова Гүлайда - педагогика ғылымдар кандидаты, Әжинияз атындағы Нукус мемлекеттік педагогикалық институтының Бастауыш білім беру кафедрасының доценті;
- Өмірзакова Клара - Ж.Қаппаров атындағы облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының орыс тілі пәні мұғалімі.
Байқау нәтижелері қазылар алқасының бірауыздан қабылдаған шешімімен бекітіліп, жеңімпаздарға жинаған ұпай санына байланысты I, II және III дәрежелі дипломдар табысталды. Сондай-ақ барлық қатысушыларға «Teachers Lab» ЖШС тарапынан Chat GPT, Elicit, Canva, Zoom және Gamma App сияқты платформаларға ақылы қолжетімділік беретін сертификаттар тапсырылды.
Бұл іс-шара білім берудегі шығармашылық тәсілдің маңыздылығын айқындап, өнердің мәдениеттер мен ұрпақтар арасындағы көпір бола алатынын, сондай-ақ педагогикалық ғылым мен тәжірибе үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын көрсетті.
Байқау хаттамасына сілтеме: https://drive.google.com/file/d/1wQXJeBlUx95O51Imht5N2ufYDhi5W9kn/view?usp=drivesdk






