қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
19.05.2025

XIII Жазғы Универсиада: Абай университетінің студенттері жүлделі орындардан көрінді


2025 жылғы 16-19 мамыр аралығында Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында XIII Жазғы Универсиада өтті.


Спорттық додада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінің 1 курс студенті Алдияр Көмекбай және Жаратылыстану және география факультетінің 2 курс студенті Айман Ительгиева таеквонда спорт түрі бойынша бақ сынады.

 

Еліміздің жоғары оқу орындарынан 24 команда қатысқан Универсиадада Алдияр Көмекбай 68 келі салмақ дәрежесінде ІІ орынға ие болса, Айман Ительгиева 73 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орынға жайғасты.

 

Құттықтаймыз!

 

  alt=  


  alt=  


 

  alt=  


  alt=