| Бос лауазымның атауы: | Заңгер - құқықтық мәселелер   жөніндегі менеджер | 
| Құрылымдық бөлімнің негізгі функционалдық міндеттері: | - «Абай атындағы ҚазҰПУ» КЕАҚ (бұдан әрі - Қоғам) қызметінде заңдылықтың   сақталуын қамтамасыз ету; - Қоғам қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде сотта, сондай-ақ   өзге де ұйымдарда белгіленген тәртіппен Қоғамның мүддесін қорғайды; - заңнамалық актілер, келісімшарттар, іс жүргізу құжаттары, сондай-ақ   Қоғам әзірлейтін құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды, сонымен қатар,   оларды Қоғамның басқа құрылымдық бөлімдері ұсынған жағдайда, келісе отырып   әзірлеуге қатысу; - Қоғамда заңнаманы насихаттау, жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру   бойынша жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеу және өткізу; - заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда Қоғамның құзыретіне жататын   құқықтық мәселелер бойынша Қоғам атынан түсініктемелер дайындау; - Қоғамның келісімшарттарының заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз   ету, сонымен қатар келісімшарт  бойынша міндеттемелер орындалмаған және   тиісінше орындалмаған жағдайда ықпал ету шараларын қолдану. | 
| Негізгі қызметтік міндеттері: | - әртүрлі деңгейдегі істерді және құқықтық мәселелерді қарау кезінде   сотта және басқа органдарда Қоғамның құқығы мен мүдделесін қорғайды; - басшылыққа қол қоюға ұсынылған бұйрықтардың, қаулылардың,   нұсқаулықтардың, шарттар мен құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың   жобаларын заңнама талаптарына сәйкестігін тексереді және осы құжаттарға   келісім береді; - қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тарту кезінде Заңда   көзделген тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді; - келіп түскен және жарияланған нормативтік құжаттардың жүйелі есебін   жүргізуге қатысады; қызмет түрлері бойынша Қоғамның құқықтық актілерінің   классификаторын жүргізуді қамтамасыз етеді; - заңнамалық актілер, келісімшарттар, іс жүргізу құжаттары, сондай-ақ   Қоғам әзірлейтін құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды, сонымен қатар,   оларды Қоғамның басқа құрылымдық бөлімдері ұсынған жағдайда, келісе отырып   әзірлеуге қатысу. | 
| Іссапарларға шығу: | іскерлік қажеттілік бойынша | 
| Білімі: | жоғары заңгерлік білім | 
| Қажетті кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, бағыты, т.б.) | «Құқықтану» немесе «Юриспруденция» мамандығы бойынша 3 жыл | 
| Кәсіби құзыреттер: | кәсіби шеберлік, сенімділік пен дәйектілік, Қазақстан Республикасының   нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінің талаптарын қолдану бойынша   білім мен дағды | 
| Жеке құзыреттер мен қасиеттер: | жоғары азаматтық, интеллектуалдық, моральдық, өз міндеттерін  жауапкершілікпен орындау, кәсіби этика   нормаларын сақтау және жеке басының мінсіздігі | 
| Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді білу (үміткер білуі тиіс   тілдердің тізімі) | қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру, шет тілдерін білу құпталады | 
| Компьютерлік дағдылар: | Электрондық құжаттаманы білу және еркін меңгеру | 
| Түйіндемені қабылдау мерзімі | 2022 жылдың 05 қаңтарына дейін | 
| Байланыстағы тұлға: | hrteam@abaiuniversity.edu.kz Кусаинов Есбулат Бектурсунович, м.т. +7 778 227 36 77, ж.т. 8 (727) 2-93-85-93 |