қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
11.06.2025

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында докторлық диссертацияларды қорғау сәтті жүзеге асырылды


2024-2025 оқу жылында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында төрт үміткер докторлық диссертацияларын (PhD) сәтті қорғап,  диссертациялық кеңестің шешімімен философия докторы ғылыми атағын алды: Ли Дуо - Қытайдан келген шетелдік студент, Тимур Меркебаев, Елена Шмакова, Мадина Молдағали.

 

Диссертациялық зерттеулер көптеген ғылыми бағыттарды қамтыды: әдебиеттану, лингвистика, сонымен қатар орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі.

 

Ізденушілер арасында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдар грантының иегері Мадина Молдағали да бар.

 

Әріптестерімізді маңызды ғылыми жетістіктерімен құттықтаймыз. Зерттеу және педагогикалық қызметте жаңа жаңалықтар мен шексіз мүмкіндіктер тілейміз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=