![]()
20.06.2025 «Жазғы мектеп – 2025: «Креативті индустриялар және көркем білім» дәрісі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ұйымдастырған «Жазғы мектеп – 2025» шеңберінде Өнер факультетінің деканы, философия докторы (PhD) Карим Байгутов «Креативті индустриялар және көркем білім: Design Thinking-тен білім беру трансформациясына дейін» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәрісте қазіргі заманғы өнерді оқытудағы жаңа тәсілдер, атап айтқанда, Design Thinking әдістемесі арқылы сыни ойлау, шығармашылық қабілет және пәнаралық ынтымақтастықты дамыту жолдары талқыланды. Сонымен қатар креативті индустриялардың білім беру жүйесін жаңғыртудағы рөлі мен дәстүрлі және цифрлық өнер тәжірибелерін интеграциялау мәселелері қаралды.
Аталған дәрістің мазмұны ИРН AP25796905 - «Design Thinking тәсілін қолдану арқылы көркем білімдегі қазақ мифологиясы мен гравюрасын модификациялау» ғылыми жобасын жүзеге асырумен тығыз байланысты. Бұл жоба 2025–2027 жылдарға арналған «Жас ғалым» бағдарламасы аясындағы жас зерттеушілерге арналған гранттық қаржыландыру конкурсы негізінде қолдау тапқан. Жобаның мақсаты – көркемдік білім беруге арналған инновациялық әдістемелерді әзірлеу.
Бұл әдістемелер қазақтың көркемдік-мифологиялық мұрасын — атап айтқанда, қазақ мифологиясы мен гравюра өнерін (ксилография, линогравюра, офорт және басқа да техника түрлері) — заманауи Design Thinking практикасымен ұштастыруды көздейді.
|