![]()
20.06.2025 Халықаралық білім беру саласындағы DAAD жобасы басталды
2025 жылғы 20 маусымда DAAD қаржыландыратын халықаралық ғылыми жоба - "The Network on International Education in South Caucasus and Central Asia at the Intersection of Educational Spaces" өз жұмысын ресми түрде бастады.
Жобаның мақсаты - Германия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан университеттері арасындағы академиялық әріптестікті дамыту және білім берудегі интернационалдандыру үдерістері аясында мәдениетаралық диалогты нығайту.
Abai University атынан жобаны жүзеге асыруға қатысушылар: п.ғ.д., профессор, жергілікті зерттеу тобының үйлестірушісі Улжаркын Абдигапбарова; PhD, аға оқытушы, жоба ассистенті Мадина Молдағали; п.ғ.к., доцент Камарсулу Ибраева; студенттер Шұғыла Жұмабай және Ақжол Мүсілім. Жобаға қатысу халықаралық білім беру саласындағы академиялық ұтқырлық, бірлескен зерттеулер мен тәжірибе алмасу үшін кең мүмкіндіктер ұсынады.
Жоба тобына сәттілік пен нәтижелі жұмыс тілейміз! |