
  
Главная 
Новости
10.07.2025 ҚазҰПУ-да «Ахуалдық орталық» жұмысын бастады 2025 жылғы 10 шілдеден бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 2025-2026 оқу жылына білім алушыларды жатақханамен қамтамасыз ету мақсатында «Ахуалдық орталық» өз жұмысын бастады. 
 Жатақханаға орналасу үдерісінде келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін 2025 жылғы 7 шілде мен 5 қыркүйек аралығында Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 28 мекен-жайында орналасқан Қабылдау комиссиясы жанынан арнайы «Ахуалдық орталық» құрылып, толық форматта қызмет көрсетуде. 
 Абай университеті 2025-2026 оқу жылында бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары бойынша оқитын 3545 білім алушыны жатақханамен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. 
 Орындар келесі түрде бөлінген: Университет әкімшілігіне қарасты 5 жатақханада - 1071 орын; Ақылы жалдамалы жатақханаларда - 2474 орын. 
 
 
 
 
 
 
 
  |