қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
14.07.2025

ҚазҰПУ-дың 100 жылдығына арналған «Логотип-100» шығармашылық байқауы жарияланды


Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті 2025 жылғы 14 шілде мен 20 тамыз аралығында өзінің 100 жылдық мерейтойына арналған «Логотип-100» шығармашылық байқауын өткізеді.

 

Байқаудың мақсаты - университеттің 100 жылдық тарихын, білім мен ғылымдағы рөлін, заманауи келбетін бейнелейтін мерекелік логотип әзіреу.


Абай университеті шығармашыл тұлғаларды белсенділік танытуға, өз идеяларын ұсынуға шақырады! Байқауға барлық сала мамандары мен кез-келген жастағы азаматтар қатысып, бағын сынап көре алады. Қатысу - тегін.


Қатысу шарттары:
• Әр қатысушы бірнеше жұмыс ұсынуға құқылы;
• Логотип бұрын еш жерде жарияланбаған, толық авторлық жұмыс болуы шарт;
• Ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды, университет тарапынан еркін қолданылуы мүмкін.
Хат мазмұнында болуы тиіс:
1. Логотиптің атауы мен қысқаша сипаттамасы (идеясы, мағынасы);
2. Қатысушы туралы толық ақпарат:
  • Аты-жөні,
  • Жасы,
  • Мамандық (болса),
  • Тұрғылықты жері,
  • Байланыс деректері (телефон, e-mail).
3. Файл форматтары (кемінде 3 түрі):
 PDF, SVG, AI, CDR, EPS, PNG, JPEG.


Марапаттар:
• Бас жүлде иегеріне - 300 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталады;
• Үздік жұмыстар университеттің ресми сайтында, әлеуметтік желілерде жарияланып, мерейтой аясындағы көрмеде ұсынылады.


Байланыс: +7 775 175 46 68, Нұржан Сәрсебаев.


Қатысушылар өз жұмыстарын келесі электронды поштаға жолдайды: nurzhansarsebaev@gmail.com


ҚазҰПУ-дың 100 жылдық шежіресінде сен де шығармашылығыңмен көрініп, идеяң арқылы тарихқа із қалдыр. Логотипің арқылы ғасырлық мерейтойға өз үлесіңді қос!


Байқау нәтижесі 2025 жылғы қыркүйек айының бірінші онкүндігінде жарияланады.


  alt=