![]()
15.07.2025 ҚазҰПУ студенттері каратэден Азия чемпионатына жолдама алды
2025 жылғы 11-13 шілде аралығында Астана қаласында өткен Халықаралық KAZAKHSTAN OPEN каратэ турнирі жоғары деңгейде өтті. Бұл жарысқа еліміздің және шетелдің үздік спортшылары қатысты.
Қадырғали Алихан 1-орынды жеңіп алса, Аянұлы Санжар 2-орынды еншіледі. Екі спортшы да Азия чемпионатына жолдама алды, бұл олардың спорттық деңгейінің жоғары екенін дәлелдейді.
|