қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
27.08.2025

ҚазҰПУ-да «Заң мен тәртіп» (Minor) білім беру бағдарламасының тұсаукесері өтті


2025 жылғы 27 тамызда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде жаңа оқу жылының қарсаңында студенттерге арналған «Заң мен тәртіп» (Minor) білім беру бағдарламасының ресми тұсаукесері өтті.


Іс-шараға университеттің Академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков, Білім беру бағдарламаларын талдау департаментінің директоры Нұржамал Ошанова, Құқықтану кафедрасының меңгерушісі Жанель Сайлыбаева, кафедраның аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Эльмира Кенжибекова, профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.


«Заң мен тәртіп» бағдарламасы - Қазақстанда енгізіліп жатқан Minor (кіші мамандық) үлгісіндегі жаңашыл білім беру жобаларының бірі. Аталған бағдарлама Абай университетінде 2025-2026 оқу жылынан бастап жүзеге асырылады және студенттерге негізгі мамандықпен қатар құқықтық білім мен құзыреттілікті тереңдетуге қосымша мүмкіндік береді.


Бағдарламаның негізгі мақсаты - студенттердің құқықтық санасын қалыптастыру, құқық тәртібін құрметтеуді дамыту және қазақ мемлекеттілігінің тарихи-құқықтық мұрасын зерделеу. Сонымен қатар, бағдарлама пәнаралық көзқарасты ұстанып, құқықтық білім берудің ұлттық негіздерін дәріптейді.


Білім беру процесі арқылы: құқықтық сауаттылықты арттыру, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, заңды құрметтеу мәдениетін нығайту, заманауи құқықтық кеңістікте жүйелі әрекет етуге қажетті құқықтық және этикалық ойлау дағдыларын дамыту көзделіп отыр.


Бүгінгі қоғамда жастардың бойында заңға бағыну, азаматтық белсенділік және қоғам алдындағы жауапкершілік сияқты құндылықтарды тәрбиелеу ерекше маңызға ие. Осы тұрғыдан алғанда, «Заң мен тәртіп» бағдарламасы университет студенттерінің құқықтық мәдениетін қалыптастырып, олардың жеке және кәсіби дамуына айтарлықтай үлес қоса алады.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=