қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
29.08.2025

ҚР Конституциясының 30 жылдығы мен академик Ғ.Сапарғалиевтің құқықтық мұрасына арналған дөңгелек үстел өтті


2025 жылдың 29 тамызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық факультетінің құқықтану кафедрасы Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай және ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Негізгі заңның авторларының бірі - Ғайрат Сапарғалиевтің ғылыми мұрасын құрметтеуге арналған «Қазақстан Республикасы Конституциясы: 30 жыл даму және академик Ғ.С.Сапарғалиевтің құқықтық мұрасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

 

Жиынды Тарих және құқық факультетінің деканы Ғабит Кенжебаев ашып, Конституцияның тарихи маңызы мен ел дамуы үшін алар орнына тоқталды.

 

Дөңгелек үстел барысында бірқатар жетекші ғалымдар мазмұнды баяндамалар жасады. Заң ғылымдарының докторы, профессор Бахытжан Төлеубекова «Заңнамалар тарихын бес ғасырға ұзартқан қайраткер» тақырыбындағы баяндамасында академик Ғайрат Сапарғалиевтің құқық ғылымына қосқан үлесін жан-жақты талдады. Заң ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Қуандықов «Сапарғалиевтің кейбір саяси-құқықтық ұстанымдары» жөнінде ой бөліссе, заң ғылымдарының кандидаты Ғабит Дулатов «Ұлт ұстазын ұлағаттаған» баяндамасын ұсынды.

 

Сонымен қатар, заң ғылымдарының кандидаты, профессорлар Эльмира Кенжибекова мен Жанель Сайлибаева «Заң және тәртіп» Minor білім бағдарламасының мамандар даярлаудағы орны» туралы баяндап, құқықтық білім берудің қазіргі заманғы ерекшеліктеріне тоқталды.

 

Дөңгелек үстелде университет магистранттары мен студенттері де белсенділік танытып, ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған өздерінің ғылыми жобалары мен зерттеу жұмыстарын ұсынды.

 

Жиын соңында қатысушылар Конституцияның 30 жылдығы - ел тарихындағы маңызды белес екендігін атап өтіп, академик Ғайрат Сапарғалиевтің ғылыми мұрасы қазақстандық құқық ғылымы үшін ғана емес, жас буын мамандарды тәрбиелеуде де айрықша маңызға ие екенін ерекше бағалады.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=