![]()
03.09.2025 Қытай университеттерімен ынтымақтастық келісіміне қол қойылды
2025 жылғы 30 тамыз - 3 қыркүйек аралығында Мемлекет басшысының Қытай Халық Республикасына жасаған ресми сапары аясында Қазақстан - Қытай Іскерлік кеңесінің алаңында еліміздің жетекші жоғары оқу орындары мен Қытайдың беделді университеттері 20-дан астам маңызды құжатқа қол қойылды.
Бұл келісімдер білім беру, ғылым және инновациялар саласындағы серіктестікті кеңейтуге, сондай-ақ екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.
Атап айтқанда, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Тяньцзинь педагогикалық университеті, Чжэцзян технологиялық университеті және Zhejiang Zhonghe Technology Co., Ltd. компаниясыеңістік-уақыт жасанды интеллектісі Қазақстан-Қытай ғылыми-технологиялық альянсын құру және «Бір белдеу - бір жол» бірлескен зертханасын ашу туралы келісім жасалды.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті атынан келісімге Академиялық қызмет жөніндегі проректор Бану Нарбекова қол қойды.
|