қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
16.09.2025

«ИДЕЯНЫ ТАБЫСТЫ СТАРТАПҚА ҚАЛАЙ АЙНАЛДЫРУҒА БОЛАДЫ?» ВЕБИНАРЫ ӨТТІ


Ғылым департаменті 2025-2026 жаңа оқу жылында постдокторанттарға «Идеяны табысты стартапқа қалай айналдыруға болады?» тақырыбында онлайн-вебинар ұйымдастырды.

 

Вебинар спикерлері: Ғылым департаментінің директоры М.А.Абсатова, Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру офисінің жетекшісі Ұ.Кенжебаева және жетекші маман А.Накисбеков. Вебинар барысында спикерлер бәсекеге қабілетті өнім әзірлеу және ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру жөніндегі тәжірибелері мен практикалық кеңестерін бөлісті.

 

Кездесуде стартаптардың тек технологияға ғана емес, сонымен қатар идеяға, құндылықтарға және адамдарға негізделетіні ерекше аталып өтілді. Спикерлер гуманитарлық сала мамандарының жобаларды коммуникация құру, сторителлинг, маркетинг, мәдени бейімделу және бірегей командалар қалыптастыру арқылы дамытудағы рөлінің маңыздылығын атап өтті.

 

Қатысушыларға жас стартаперлер іске асырған жобаларының нақты кейстері, қол жеткізген жетістіктері, сондай-ақ бизнес-модельді құру мен қаржыландыруды іздеу алгоритмі ұсынылды.

 

 

 

  alt=  

 

 

  alt=