
Главная
Новости
19.09.2025 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
2025 жылғы 19 қыркүйекте Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Үшінші жақтағы университеттер халықаралық қауымдастығының (AIUTA) президенті, Франциядағы Тулуза университетінің профессоры Франсуа Веллас және қауымдастықтың басқарма мүшесі, Словакияның Братислава Экономика университетінің жанындағы Үшінші жақтағы университет директоры, профессор Янка Себера Хладецка ресми сапармен келді.
Сапар аясында олар қауымдастықтың басқарма мүшелерімен және Қазақстанның жоғары оқу орындарының өкілдерімен кездесті.
Жиында өмір бойы білім алуды дамыту, ересектер мен егде жастағы азаматтар үшін білім беру мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ білім, ғылым және мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Сонымен бірге «Тузула университеті» жобасы мен оның тәжірибелері сөз болып, халықаралық деңгейдегі жаңа бастамалар таныстырылды. Олардың ішінде Испанияның Валенсия қаласында бастау алған және Даниядағы Одense университетімен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан «Жібек жолы археологиясы» жобасы ерекше назар аудартты. Бұл бастама Қытайдан басталып, Еуропадағы Валенсияға дейін созылған тарихи жолдың археологиялық мұрасын зерттеуге бағытталған. Жобаға Валенсия университеті, Валенсия политехникалық университеті және басқа да серіктес оқу орындары жетекшілік етуде. Шығыстан батысқа дейінгі шамамен 20 университет қатысып отырған бағдарлама аясында бұған дейін Түркияның Памуккале мен Измир қалаларында, Францияның Тулуза қаласында, Ливанның Библос қаласында халықаралық іс-шаралар өтті. Алдағы басқосу Кочеко қаласында өтеді деп жоспарланған.
Кездесу соңында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, AlmaU университеті және Үшінші жақтағы университеттердің халықаралық қауымдастығы (AIUTA) арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Құжаттың мақсаты - «Үшінші жақтағы университеттер» идеясын қарт адамдардың әлеуметтік және мәдени өмірге белсене қатысуының бір түрі ретінде дамыту және ілгерілету.
Абай атындағы ҚазҰПУ Баспасөз қызметі
height="240" />
|