қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
27.04.2018

Құжатқа қол қойылды

 


 

Жуырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сорбонна-Қазақстан институтында «Конституция және қоғамдық еркіндік: құқықтық моделді қалыптастыру (Қазақстан мен Франция тәжірибесі)» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

 

Қазақстан Ата заңы мен Франция Конституциясының негізгі ере­желерін іске асыру мен қоғам­дық еркіндікті қорғау сала­сын­дағы тәжірибелерімен бөлісу мақса­тын­да өткізілген конференция Абай атын­дағы ҚазҰПУ-дың, Қазақ­стан­ның Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының, Қазақстандағы Франция Елшілігі мен Францияның Орталық Азияны зерттеу инсти­туты­ның (IFEAC) ұйымдастыруымен өтті.


Конференция жұмысына Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ректоры Такир Балықбаев, Конституциялық кеңес төрағасы Қайрат Мәми, Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мар­тинэ, Франция елінің сарап­шылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, сонымен қатар Қазақстан Республи­касы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, Бас про­курор­дың орынбасары Марат Ахметжанов, Жоғарғы Соттың маман­дан­дырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева, Алматы қала­сының прокуроры Берік Жүйріктаев, Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры Өмірәлі Жалаири қатысты.


Конференцияны ашқан ректор Такир Балықбаев, екі мемлекетінің президент­тері ашқан Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жанындағы Сорбонна-Қазақстан институты екі ел арасын­дағы бірқатар өзекті мәселелер мен сарапшылардың жаһандық даму сұрақтарын талқы­лау­дағы пікіралмасу алаңына айнал­ғандығын атап өтті.


Сөз кезегінде Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ Қазақстан мен Франция арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту­дың маңыздылығына тоқталып, Білім және ғылым министрі Ерлан Саға­диев­пен бірлесе отырып, Абай-Верн бағдарламасын жүзеге асыру туралы құжатқа қол қойылғанын хабарлады.


Конференция барысында Консти­ту­циялық кеңес төрағасы Қайрат Мәми: «Құқықтар мен бостан­дық­тар­ды құқықтық реттеу дәрежесі құқық қолданудың сапасы ретінде еліміздің даму деңгейін, халықтың әл-ауқатын көрсетеді, түптеп келгенде мемле­кет­тің әлемдік рейтингін айқындайды», - деді.


Конференцияның модераторы, Қазақстан Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры атқарушы дирек­то­ры­ның орынбасары Игорь Рогов екі елдің консти­ту­циялары бір-біріне өте ұқсас екенін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанның қолда­ныс­тағы Консти­туциясын әзірлеуде фран­цуз маман­дарының белсенді қатыс­қаны, сонымен қатар еліміздің құқық­тық құрылысында, құқық­қорғау қызме­тінде және сот жүйесі сияқты арнайы салаларды қалып­тасты­ру кезінде Франция елінің тәжіри­бесі ескерілгені туралы айтты.


Конференцияда француз сарап­шы­лары террорлық қатер мен төтенше жағдай кезінде қоғамдық еркіндіктің маңыздылығын атап өтті. Сарапшылар өз кезегінде Қазақстан Конституция­сына конституциялық реформа жүр­гізу барысында террористік және экстре­мистік әрекеттерге қарсы тұру жолын­да азаматтықтан айыру мәсе­лесі бойынша өзгерістер енгізіл­ген­дігін еске салды.

 

Авторы: Римма Жанбаева

27.04.2018 ж.

Ақпарат көзі: aikyn.kz, PDF