| 
 Шетелдік университеттермен серіктестік, сонымен қоса қазіргі және әлеуетті серіктес университеттерден келушілерді қабылдау: 
Академиялық ұтқырлық бойынша халықаралық серіктестерді іздеуде университеттің институттары мен бөлімдеріне көмек көрсету; 
Факультеттер мен басқа да кафедраларды халықаралық гранттық жобалар саласындағы мүмкіндіктер туралы ақпаратпен қамтамасыз ету; 
Академиялық ұтқырлық және тағылымдамадан өту мәселелері бойынша халықаралық университеттермен келіссөздер жүргізу; 
ЖОО-мен құжаттардың бекітілуін, қол қойылуын және серіктес деректер базасын жаңартуды бақылау; 
Абай атындағы ҚазҰПУ университетінде қазіргі және әлеуетті серіктес университеттердің халықаралық делегацияларын қабылдау; 
Есеп беру: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне және басқа да мемлекеттік органдарға академиялық ұтқырлық, шетел университеттерімен халықаралық серіктестік, халықаралық бағдарламалар, шетелдік студенттер,  халықаралық департамент өткізетін іс-шаралар туралы есептер және сұраныс бойынша кез келген басқа ақпараттар жасау. 
Университет веб-сайтының «халықаралық қатынастар» бетінде деректер базасын жаңарту. 
Есеп беру мерзімдерін сақтау. 
Медиа ресурстарымен жұмысты жүргізу. 
Басқа міндеттері: университеттегі түрлі мәдени және әлеуметтік іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында елшіліктермен/консулдықтармен байланыста болу, Халықаралық ынтымақтастық департаменінің іс-қағаздарын жүргізу, құжаттау және тиісті тәртіпте мұрағаттау. 
Халықаралық ынтымақтастық департаментінің қызметкерлерінің бірі болмаған жағдайда департаменттің үздіксіз жұмысын қолдау және Халықаралық ынтымақтастық департаментінің клиенттерімен байланыста болу (студенттер, ата-аналар, сыртқы ұйымдар, БҒМ және т. б.) Халықаралық ынтымақтастық департаментінің мүлкі мен бюджетіне жауапкершілікте болу. 
Университет ережелері мен міндеттерін сақтау, тікелей басшының тапсырмасы бойынша өзге де міндеттерді орындау. 
  
 |