қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
08.10.2018

Цифрлық күз - 2018

 


 

Орталық коммуникациялар қызметінде «Цифрлық күз 2018» атты мәдени іс-шаралар маусымының басталуына орай баспасөз мәслихаты өткізілді.

 

Іс-шараның басты ұйымдастырушылары : Франция Республикасының Қазақстандағы Елшілігі, Қазақстан Республикасының Ақпарат және Коммуникациялар Министрлігі, Алматы әкімдігі мен Қазақстандағы Француз Альянстары.

 

Франция өзінің стратегиялық серіктесі - Қазақстанды барынша қолдап өз білгенімен бөліседі және оның саяси басымдылықтарын негізге ала отырып, ынтымақтасуға дайын. Франция - инновацияның, жаңашылдықтың және жаңарған мүмкіндіктер елінің символы.

 

Бұл жылы мәдени шаралар маусымы өнертабысқа, кәсіпкерлік рухқа және болашаққа бағытталып отыр. Цифрландыруды барынша дамытуға бағытталған Қазақстанның саяси ұстанымын ескере отырып, осы күзде Франция Елшілігі мен оның серіктестері мәдени іс-шараларын виртуалды түрде жұрт назарына ұсынады. Жаңа технологиялардың барша адамға қолжетімді болғанын бірнеше іс-шаралар арқылы көрсетілу көзделуде.

 

«Цифрлық күз 2018» маусымы аясында цифрлық даму тақырыбында барлығы он шақты мәдени шара өткізу жоспарланып отыр. Бағдарлама аясында бой көрсететін француз әртістері Қазақстан студенттері мен әртістерімен шығармашылық мастер-класстар мен мамандырылған оқу ордаларында кездесулер барысында жұмыс жасайтын болады.

 

Іс-шараның басты демеушілері: TOTAL, TS Development, Astana Group, SANOFI, Dostyk Plaza, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қоры, Рухани жаңғыру бағдарламасы және Сорбонна-Казақстан Институты.

 

08.10.2018 ж.

Ақпарат көзі: kazgazeta.kz