қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
11.02.2019

«Креативті жобаларды ұйымдастыру механизімі» семинар-тренингі

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен «Балдәурен-Қапшағай» республикалық оқу-сауықтыру орталығы ынтымақтастық мемарандумының негізінде және «Жастар жылы» аясында кезекті біріккен жобаны қолға алды.


Ректордың кеңесшісі Мақсат Жақауов пен «Жобалау кеңсесі» менеджері Бауыржан Айткаримов, «Мансап» орталығының басшысы Рақымберді Жетібайдың ұйымдастыруымен университетіміз «Балдәурен-Қапшағай» республикалық оқу-сауықтыру орталығының қызметкерлеріне «Креативті жобаларды ұйымдастыру механизімі» тақырыбында семинар-тренинг жүргізді. 5 сағатқа созылған тренинг нәтижесінде «Baldáýren» дебат клубы құрылды.


«Балдәурен-Қапшағай» республикалық оқу-сауықтыру орталығының басшылығы мен ұйымдастырушылары Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаевқа, «Мансап» орталығының басшысы Жетібай Рақымбердіге және семинар спикерлері Мақсат Жақауов пен Бауыржан Айткаримовқа ризашылығын білдірді.

 

   

 

   

 

   

 

«Мансап» орталығы