қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
18.02.2019

Жастарымыз жұлдызды қонақ Мархаба Сабимен кездесті

 

Abai University алғашқы рет «Жұлдызбен сұхбат» жобаcының тұсауын кесті. Бұл жоба 14 ақпанда университетіміздің жастарының басын біріктірді.

 

«Жұлдызбен сұхбат» жобасының мақсаты студенттердің өмірін қызықты ету, өнер, спорт, бизнес саласындағы үлкен жетістікке жеткен тұлғалармен байланыстыру арқылы өмірлік іс-тәжірибелерімен таныстыру, студенттер мен жұлдызды қонақтар арасында тығыз байланыс орнату.

 

Жобаның алғашқы қонағы болып, шымылдығын ашқан эстрадамыздың жарқын жұлдызы, ерекше стиль иесі - Мархаба Сәби болды. Кездесуде көрермендермен жұлдызымыздың арасында еркін байланыс орнады. Сұхбат бейресми форматта өтті. Сонымен қатар, көрермендеріміздің арасында ойындар ойнатылып, соңғы трендтегі киноларға билет таратылды. «Selfie time»-ның арқасында залда қызықты атмосфера орнап, жастарымыз жұлдызды қонағымызбен суретке түсуге мүмкіндік алды. Мархабаның ізін қуған жас таланттарымыз қонағымыздың әндерін орындап, алғысын алды. Сұхбатымыздың соңында Мархаба әдемі әуенін орындап, жастарымызға ерекше көңіл-күй сыйлады.

 

Жоба «SMART STUDENTS» жастар бастамаларын қолдау орталығында белсенді жастарымызбен дастархан басында жалғасын тапты. Алдағы уақытта Мархаба университетімізбен тығыз қарым-қатынас орнатуға дайын екендігін айтып, жастарымыздың тың идеяларын қолдайтындығын жеткізді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   


Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар
және жастар саясаты департаменті