![]()
27.02.2025 «Ғылымдағы, техника мен индустриядағы жасанды интеллект және кері есептер» Еуразиялық ғылыми конференциясы 2025 жылдың 14-16 сәуірінде Астана қаласында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында «Ғылымдағы, техника мен индустриядағы жасанды интеллект және кері есептер» атты Еуразиялық ғылыми конференция өтеді. Іс-шара Eurasian Journal Mathematical and Computer Application журналының Scopus халықаралық деректер базасында индекстелуінің 10 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр. Конференцияға Ресей, Беларусь, Қытай, Оңтүстік Корея, Венгрия, Жапония, АҚШ, Франция, Аустрия, Германия және Орта Азия елдерінен ғалымдар қатысады. Құрметті әріптестер, онлайн, офлайн форматында өтетін конференцияға сіздерді де қатысуға шақырамыз!
Конференцияның мақсаты аталған салалардағы көрнекті ғалымдар мен жас зерттеушілерді тәжірибе алмасу және жаңа нәтижелерді талқылау үшін біріктіру болып табылады: жасанды интеллект, жаратылыстанудың кері және дұрыс емес қойылған есептері; ақпараттық коммуникациялық технологиялар; криптография және киберқауіпсіздік саласындағы есептеу интеллектісі.
Конференция жұмысы Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының дәстүрлі халықаралық сәуір конференциясымен, ҚР ҒЖБМ ҒК Математика және математикалық модельдеу институтымен, ҚР ҒЖБМ ҒК Ақпараттық және есептеу технологиялары институтымен және СО РАН Халықаралық математикалық орталығымен (Новосибирск, Ресей) өзара әрекеттестікте өтеді.
Конференцияның негізгі бағыттары: Кері есептерді шешуде жасанды интеллект; Кері және дұрыс қойылмаған есептердің теориялық және есептеу аспектілері; Ақпараттық технологиялар және есептеу интеллектісі; Криптография мен киберқауіпсіздіктегі жасанды интеллект.
Қатысу үшін тіркелу: https://forms.gle/RqojcZc6VxDNK1Ht8
Толығырақ: https://enu.kz/ru/events/1072 |