қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
17.03.2025

Бос жұмыс орны: Инфрақұрылымды дамыту департаментінің директоры

 

Қызмет атауы:

Инфрақұрылымды дамыту департаментінің директоры

Қызмет мақсаты:

 

 Ұйымның ғимараттары мен құрылыс нысандарын электр энергиясымен, жылу жүйесімен, ыстық және суық сумен үздіксіз қамтамасыз ету, көлікті ұтымды пайдалану, оқу ғимараттары мен жатақханаларда тазалық пен тәртіпті сақтау. Жобалық құжаттамаға, құрылыс нормалары мен техникалық талаптарға сәйкес жөндеу-құрылыс жұмыстарын басқару. Жатақханада тұру ережелерінің сақталуын қадағалау. Ұйым аумағын абаттандыру және тазалау жұмыстарын ұйымдастыру.

Құрылымдық бөлім басшысының негізгі міндеттері:

 

  • Ғимараттар мен құрылыс нысандарын электр энергиясымен, жылу жүйесімен, суық және ыстық сумен үздіксіз қамтамасыз ету.
  • Университет инфрақұрылымын дамыту стратегиясын әзірлеу және іске асыру.
  • Ғимараттар мен құрылыстар нысандарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету, процесті жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау.
  • Көлікті пайдалану тиімділігін арттыру және бақылау.
  • Оқу ғимараттары, жатақханалар мен іргелес аумақтардың санитарлық жағдайын ұйымдастыру және бақылау.
  • Жобалық құжаттамаға, құрылыс нормалары мен стандарттарына сәйкес жөндеу-құрылыс жұмыстарын басқару.
  • Университет аумағын абаттандыру және күтіп ұстау бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу.
  • Жатақханада тұру ережелерінің сақталуын қадағалау.
  • Энергия тиімділігін арттыру және пайдалану шығындарын азайту бойынша шараларды енгізу.
  • Ұйым ғимараттарында санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын бақылау.
  • Инженерлік желілер мен жабдықтарды техникалық қызмет көрсету және жаңғырту жұмыстарын ұйымдастыру.

Лауазымдық міндеттері:

1. Әкімшілік-шаруашылық қызметті ұйымдастыру

  • Университеттің шаруашылық қызметін басқару.
  • Барлық инженерлік жүйе мен коммуникацияның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.
  • Коммуналдық қызметтермен келісімшарт жасау, іске асырылуын бақылау.
  • Материалдық ресурстарды есепке алу және бақылау.
  • Университет аумағында санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ету.
  • Мүлікті түгендеу және оның сақталуын бақылау.
  • Инновациялық технологиялар мен ғимаратты басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу.

2. Жөндеу және құрылыс жұмыстарын басқару

  • Университет нысандарын күрделі және жыл сайынғы жөндеу жоспарын әзірлеу және іске асыру.
  • Орындаушылардың, жұмыс процесінің жобалық құжаттама мен құрылыс нормаларына сәйкестігін бақылау.
  • Құрылыс материалдарын сатып алу, олардың сапасын бақылау.
  • Жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде және бюджет шеңберінде аяқтауды қамтамасыз ету.
  • Техникалық шешімдердің энергия тиімділігі мен экологиялық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету.

3. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік бақылау

  • Қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізу және енгізу.
  • Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы нормаларының сақталуын бақылау.
  • Қауіпсіздік бойынша қызметкерлерге нұсқаулық өткізу және білімдерін тексеру.
  • Өрттің және апатты жағдайлардың алдын алу шараларын ұйымдастыру.
  • Төтенше жағдайларды жою жоспарын әзірлеуге қатысу.

4. Құжат айналымы мен есепті ұйымдастыру

  • Әкімшілік-шаруашылық қызметті есепке алу.
  • Электрондық жүйеде құжат айналымын ұйымдастыру.
  • Шығындар, атқарылған жұмыстар мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша есеп дайындау.
  • Құжаттардың заңнамалық талаптарға сай жүргізілуін бақылау.

5. Ішкі және сыртқы құрылымдармен өзара іс-қимылды үйлестіру

  • Ұйымның ішкі бөлімшелерімен өзара байланысты қамтамасыз ету.
  • Мердігер ұйымдармен, мемлекеттік және жергілікті билік органдарымен өзара байланысу.
  • Келіссөздерге қатысу және шарттық міндеттемелердің уақытылы орындалуын қамтамасыз ету.
  • Экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтермен бірлескен жұмыс ұйымдастыру.

6. Персоналды басқару

  • Бөлімше қызметкерлерінің жұмысын басшылыққа алу және міндеттерді бөліп беру.
  • Тапсырмалардың орындалуын бақылау және қызметкерлердің жұмыс тиімділігін бағалау.
  • Қызметкерлердің біліктілігін арттыру және кәсіби дамуын ұйымдастыру.
  • Қызметкерлерді ынталандыру және жұмыс тиімділігін арттыру бағдарламаларын енгізу.

Іссапарға шығу:

Міндетті

Білімі:

Тиісті сала бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім

Кәсіби тәжірибе:

  • 5 жыл
  • Мемлекеттік немесе коммерциялық ұйымдарда жұмыс тәжірибесі
  • Әкімшілік-шаруашылық процестерді басқару тәжірибесі
  • Инфрақұрылымды оңтайландыру жобаларын әзірлеу және іске асыру тәжірибесі

Біліктілігі:

  • Қазақстан Республикасының шаруашылық қамтамасыз ету, құрылыс және құжат айналымы саласындағы заңнамалық және нормативтік актілерін білу.
  • Кеңсе жұмысын жүргізу және мұрағат ісінің негізін түсіну.
  • Жобалық және техникалық құжаттамамен жұмыс істеу дағдылары.
  • Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы нормаларды білу.
  • Сатып алуларды басқару және техникалық сипаттамалар дайындау тәжірибесі.
  • Энергия тұтынуды басқару және пайдалану шығындарын қысқарту дағдылары.

Жеке қасиеттері:

Тіл табыса білу, табандылық, ұқыптылық

Тілді меңгеруі (мемлекеттік тілді қоса алғанда)

Қазақ, орыс

Қосымша талаптар:

  • Электрондық құжат айналымы жүйелерімен жұмыс тәжірибесі.
  • Арнайы бағдарламалық жүйелерді білу (1C, ERP-жүйелері ABC-4).
  • AutoCAD, AUTODESK Revit, CorelDraw бағдарламаларымен жұмыс тәжірибесі.
  • Microsoft Office пакетін (Word, Excel, PowerPoint, Outlook) меңгеру.
  • Жылжымайтын мүлікті басқару және инженерлік желілерді бақылау жүйелерімен жұмыс істеу дағдылары.

Түйіндемені тапсыру мерзімі:

19.03.2025 дейін

Байланыс:

Тұтқабаева Жұлдыз Алмасқызы

8 (727) 291-82-57