![]()
19.03.2025 «6B015 - Биология мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша XVII Республикалық пәндік олимпиада 2025 жылдың 24 мен 25 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география факультеті «6B015 - Биология мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша XVII Республикалық пәндік олимпиадаcын өткізеді.
Олимпиаданың мақсаты: «6B015 - Биология мұғалімдерін даярлау» бағыты бойынша білім алушы дарынды студенттердің шығармашылық әлеуетін анықтап, қолдау және тұлғалық интеллектуалдық капиталын қалыптастыруға ықпал ету. Жастардың ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттырып, заманауи ғылыми мәселелерді шешуге қатысуын ынталандыру.
Олимпиаданың негізгі міндеттері: 1. Дарынды студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту; 2. Ғылыми-зерттеу қызметіне тарту; 3. Талантты және дарынды студенттерді анықтау және оларға қолдау көрсету.
|