қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
26.03.2025

Педагогикалық кейс: «Бірге зерттей отырып, тиімді шешеміз!» студенттік жобалар конкурсы


2025 жылғы 26 наурыздан 14 сәуірге дейін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология факультетінің педагогика кафедрасы «Педагогикалық кейс: «Бірге зерттей отырып - тиімді шешеміз» жалпыуниверситеттік студенттер конкурсын өткізеді.

 

Конкурстың мақсаты - білім беру кейстерін шешу арқылы педагогика ғылымы мен практика саласындағы студенттердің зерттеу және тәжірибеге бағдарланған құзыреттерін қалыптастыру.

 

Конкурс студенттердің «Педагогикалық зерттеулер» пәнін саналы түрде оқуға деген қызығушылығын арттыруға, білім беру саласындағы зерттеу және жобалау қызметін дамытуға бағытталған. Конкурсқа жеке студенттер немесе командалар қатыса алады (3-5 адамға дейін).

 

Ереже: https://cloud.mail.ru/public/s4By/VMQk2ssLR