![]()
28.03.2025 «Қазақстанның батыс өңірінің әскери тарихы: ерекшеліктері, кейбір аспектілері, мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы 2025 жылдың 10 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Тарих және құқық факультетінің Әлем тарихы кафедрасы AP196779667 «Қазақстанның батыс өңірінің әскери тарихы (XVIII-XX ғғ.)» ғылыми жобасы аясында «Қазақстанның батыс өңірінің әскери тарихы: ерекшеліктері, кейбір аспектілері, мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді. Конференция жұмысына министрліктер мен ведомстволардың, ғылыми мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары мен қызметкерлері, әскери саланың қызметкерлері, ғылыми-педагогикалық қызметкерлер, ғылыми қызметкерлер, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттар шақырылады.
Конференция мақсаты - қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысындағы әскери ұйымдық мәслелер, қазақстандық жауынгерлердің фашистік басқыншыларды жеңудегі тарихи үлес салмағы, әскери тарихтың басқа да мәселелері және Қазақстанның әскери тарихы негізінде заманауи зерттеулер мен материалдарды ғылыми айналымға енгізу.
Конференция тілі: қазақ, орыс, ағылшын Өтетін форматы: оффлайн және ZOOM платформасы (конференция идентификаторы: 949 9270 6780, кіру коды: 1234) Конференцияның өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Абай атындағы ҚазҰПУ, Тарих және құқық факультеті, Жамбыл көшесі, 25. Конференция материалдарын электронды поштаға жіберу керек: jumagulov-bolat@mail.ru
|