қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
01.04.2025

«Жас кәсіпкер Abai University» Startup-жобалар байқауы жарияланды


Абай атындағы ҚазҰПУ «Жас кәсіпкер Abai University» Startup-жобалар конкурсын өткізу туралы хабарлайды. Конкурстың мақсаты - кәсіпкерлік белсенділікті дамыту және жас зерттеушілер мен профессорлық-оқытушылық құрамды, сондай-ақ университеттің ғылыми зерттеу-әзірлемелерімен айналысатын зертханалар, академиялық бөлімшелердің қызметкерлерін бизнес-жобаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысуға ынталандыру.


Конкурсқа қатысу кезеңінде жобаның өтініш берушісіне қойылатын талаптар келесідей:

- Университеттің білім алушылары, яғни 1-3 курс студенті, 1 курс магистранты, 1-2 курс докторант және 40 (қырық) жасқа дейінгі (қоса алғанда) постдокторант;

- Абай атындағы ҚазҰПУ профессор-оқытушылар құрамы 40 (қырық) жасқа дейін (қоса алғанда);

- Абай атындағы ҚазҰПУ профессор-оқытушылар құрамы, «Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары мен қызметкерлерінің ғылыми жобаларының Ректор гранты (шағын ынталандыру гранты)» қатысушылар (жас көрсеткіші бойынша шектеусіз).

- Ғылыми жаңалықтармен, зерттеулермен, ҒЗЖ-мен айналысатын зертханалардың, академиялық бөлімшелердің қызметкерлері (жас көрсеткіші бойынша шектеусіз).


Өтінімдер 2025 жылғы 01 сәуірден 22 сәуірге дейін қабылданады (22.04.2025 дейін, уақыты 23:59).

Өтінімдер келесі сілтеме бойынша электрондық форматта беріледі: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdNsHyCe5GpJQjPqd8WE5gLbvg9lkwJlXlvQqNs4Sis9Zs8ag/viewform?usp=dialog, сондай-ақ электрондық пошта арқылы: abayventure@abaiuniversity.edu.kz


Қосымша ақпарат алу үшін Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30, мекенжайы бойынша орналасқан Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым департаментінің Коммерцияландыру кеңсесіне (№ 209 кабинет) хабарласуға болады.


Байланыс деректері: 7-775-7744504,

Kоммерцияландыру кеңсесінің жетекші маманы - Ануар Накисбеков.

Электрондық пошта: abayventure@abaiuniversity.edu.kz


Конкурстық құжаттама қоса беріледі