қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
15.04.2025

А. Ерғалауованың докторлық диссертациясы математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде талқыланады


2025 жылдың 25 сәуірінде сағат 11.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «6D010900 - Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған Ерғалауова Зинегүл Алданиязқызының «Математиканы оқыту процесінде техникалық мамандық студенттерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемелік негіздері» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде талқыланады.

 

Кафедраның кеңейтілген мәжілісі офлайн және онлайн форматта өтеді.
Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған.
Қорғау тілі - орысша.

 

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕРІ:
Әбілқасымова Алма Есімбекқызы - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Абай атындағы ҚазҰПУ «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі;
Смирнов Владимир Алексеевич - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университеті «Элементар математика» кафедрасының меңгерушісі, Мәскеу қаласы, Ресей.

 

РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР:
Жадраева Лариса Уштановна - педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., Алматы қаласы, Қазақстан (мамандық шифры: 13.00.02);
Калыбекова Жанар Абдыхалиевна - PhD, цифрлық технологиялар мектебінің профессор ассистенті, Нархоз университеті, Алматы қ., Қазақстан (мамандық шифры: 8D01501 - Математика).

 

ZOOM: https://zoom.us/j/94647619719?pwd=d7a4ZfKzsu1TeTPNDoKbUU7KzXUiIh.1
Конференция идентификаторы: 946 4761 9719
Код: 1234
YouTube: https://www.youtube.com/@abaiuniversity1928

Мекенжайы: 050010, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 86, Оқу корпусы №5 (4-қабат, 415-кабинет).