![]()
21.04.2025 Химия кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді 2025 жылғы 2 мамырда сағат 10:00-де Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география факультетінің химия кафедрасының кеңейтілген отырысында Ахметова Сандугаш Нұрболқызының «8D05301-Химия» мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алуға арналған «Пектин синтезі және оны органикалық-бейорганикалық энтеросорбенттер мен металл-полимерлі катализаторларды құруда қолдану» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы талқыланады.
Қорғау тілі - орыс тілі.
Жармагамбетова Алима Кайнекеевна - х.ғ.д., профессор (Д.В.Сокольский атындағы жанармай, катализ және электрохимия институты, Алматы қ., Қазақстан); Жанбеков Хайрулла Нышанұлы - Жер ғылымдарының докторы, профессор (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан); Джардималиева Гульжиан Искаковна - х.ғ.д., профессор (Ресей ғылым академиясының Химиялық физика және медициналық химия мәселелерінің Федералдық ғылыми орталығы, Черноголовка қ., Ресей).
Нурбекова Маржан Абдыжапаровна - химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а. (Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан); Узакова Асем Бахытжановна - PhD докторы, аға оқытушы (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан).
ZOOM: https://zoom.us/j/97707796439?pwd=Kv1yabjI9bG9NTOO6hMAofLa76fTrT.1 ID: 977 0779 6439 Код: 1234 Мекенжайы: 050010, Алматы қ., Қазыбек би, 30, (7-ші қабат, 716 кабинет).
|