қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
23.04.2025

«Жаңа Қазақстанның басым құндылықтары: педагогтердің жаңашыл идеяларынан ХХ ғасырдың білім берудегі заманауи инновацияларына» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы


2025 жылғы 25 сәуірде Педагогика және психология факультетінің педагогика кафедрасы КСРО халық мұғалімі, Ұлы Отан соғысына қатысушы, Жауынгерлік Қызыл Ту Ордені, Отан соғысы ордені, Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері, Құмаш Нұрғалиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Жаңа Қазақстанның басым құндылықтары: педагогтердің жаңашыл идеяларынан ХХ ғасырдың білім берудегі заманауи инновацияларына» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

 

Конференцияға қатысуға: отандық және шетелдік ғалымдар, білім басқармаларының басшылары мен мамандары, жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары, мектеп директорлары мен мұғалімдері, докторанттар, магистранттар шақырылады.

 

Онлайн қосылу сілтемесі: https://zoom.us/j/91670253461?pwd=SafGC9R3RfMQuPqHA2DW8GsXBFfnyq.1
Конференция идентификаторы: 916 7025 3461
Кіру коды: 1234

 

Өтетін орны:

9:30 - Құмаш Нұрғалиев атындағы кабинеттің ашылуы, Қазыбек би көшесі, 30, 409 ауд.

11:00 - Мәжілістің пленарлық отырысы, Достық даңғылы, 13, мәжіліс залы, 202.

15:00 - Секциялар жұмысы, Достық даңғылы, 13, мәжіліс залы, 202.